Kazakh Traditions and Customs

 I. Тәрбие дәстүрлері 

Erziehung

Шілдехана  (салт). "Сәрсенбай зор қуанышта болып , шілдеханаға қанша қыз-бозбала жиып..... баланың есімін Жамал қойып еді" (М. Дулатов). "Аманжолатамекен аулына шілделікке кеткен" (С. Көбеев). Кей жерлерде "шілделік" деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. мұнда  "балаңыздың бауы берік болсын" дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. "Шілдеханаға" шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана - өмірге адам  келгенінің және"

Schildechana.. coming soon!

Nabelschnur schneiden

Кіндік кесер (салт). “Кемпірлер кіндік кесе басталады”.(“Жас алаш” газеті). Ел ішінде   “кіндік шешесі” немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын тұрады.Кейде олардың  “жол менікі” деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге  “кіндік кесер”кәдесі беріледі. Бұл да жолы бөлек кәде. Кейін де  “кіндік шеше” деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз қалауын да ала алады.     Баланың кіндігі түскеннен кейін де жасалатын ырымдар көп. “Елдің қорғаны болсын” деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді. “Қыз отбасының тірегі болсын” деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.

Кіндік кесер.. coming soon!

Gute Nacht Lied

Бесік жыры (салт).
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
жылама, бөпем, жылама,
Жілік щағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Арша ма екен бесігі?
Алар ма екен әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі?
Жігіт пе екен әкесі?
Әлди-әлди аппағым,
Қойдың жүні қалпағым....
     Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың  көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді.  Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың  әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Ұлы Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең” деуі тегін емес. бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлғын салып тыңдап отыратын. Кейінгі кездерде жастардың халық әніне назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі – осы бесік жырының ұмытылуында болса керек.

Бесік жыры.. coming soon!